Алматы көшелерінде 16 қаңтардан бастап жылдамдықты асырған жүргізушілер айыппұл төлейді

619

Алматының Әл-Фараби, Саин мен Шығыс айналма жолы көшелерінде жолда жылдамдық шектеліп, соған сәйкес арнайы белгілер орнатылды. Қалалық құқық қорғау органдары ертеңнен бастап дайындық процесі басталатынын айтты. Бұл туралы полиция алдын ала қоғамға хабарлама жариялаған болатын. Онда 2019 жылдың 15-қаңтарынан бастап аталған магистральдарда орташа жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 80 километрден 60 километрге азаятынын айтылған еді. Жолдардағы жылдамдықты өзгерту арқылы қоғамдық көліктердің қозғалысын жеңілдетіп, жол апатының алдын алуға ықпал етеді.  Полиция таратқан мәліметке сәйкес, әлемдік тәжірибеде жол жүру жылдамдығын 5 пайызға ғана азайтудың арқасында жол апатынан болатын адам өлімін 10-20 пайызға азайтуға болады.

«16 қаңтардан бастап жылдамдық режимін алдын ала белгіленген аймақта жол ережесін бұзған жүргізушілерді тіркеу басталады. Алайда бүгін жол ережесін бұзуға болады деген сөз емес. Бір күн уақыт жүргізушілердің осы жаңалыққа бейімделуі үшін берілген уақыт. Осы шара туралы ескертулер мен қоғамды ақпараттандыру бірнеше ай бойы жүргізіліп келеді: жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға шақырамыз және бұл қауіпсіздік шарасы екенін ескергені дұрыс», — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *