Сбербанк «Желкуар» ЖШС көп профильді медициналық орталығы құрылысын және жабдықталуын қаржыландырды

767

Рудный қаласында (Қостанай облысы) Сбербанктің қаржыландыруымен көп профильді медициналық орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды kazgazeta.kz банктің маркетинг және коммункация бөліміне сілтеме жасап.

Медициналық орталық тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы халыққа қызмет көрсетеді. «Сбербанк» АҚ ЕБ көмегімен компания көрсететін қызметтер қатарын арттырғанын айта көткен жөн. Бастапқыда «Желкуар» ЖШС клиникасы тек стоматологиялық қызметтер көрсеткен болса, қазіргі уақытта ол — Қостанай облысындағы толыққанды көп профильді медициналық орталық болып табылады.

«ШОБ қолдау көрсету — банктің таяудағы жылдарға арналған даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады», – деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. — Біз кәсіпкерлікті дамытудың ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және осы процесске белсенді ат салысамыз. Біздің банк үшін әлеуметтік маңызы жоғары жобалар әрқашан басым орында болғанын айта көткен жөн», — дейді Ельдар Амантаевич.

«Поликлиникада диагностикадан өтеу цифрлік форматта жүргізіледі. Клиникалар заманауи цифрлік жабдықпен жасақталған. «Сбербанк» АҚ ЕБ көмегімен біз көрсетілетін қызметтер қатарын айтарлықтай арттырдық. Бүгінде «Желкуар» ЖШС — бұл — Қостанай облысындағы толыққанды көп профильді медициналық орталық болып табылады, — дейді компания президенті Владимир Клименко.

Медициналық орталықты қаржыландыру «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына «Өңдеуші өнеркәсіп саласында және экономиканың басым секторларында қызмет атқаратын кәсіпкерлерге салалық қолдау көрсету» екінші бағыты аясындағы кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсатында қосылған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *