Қазақ әдебиетін әлемге таныту жолында

2065

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Ұлттық аударма бюросының» ұйымдастыруымен «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты қазақстандық авторлар шығармаларын БҰҰ-ның 6 тілінде сөйлейтін аудармашылармен кездесу өтті,-деп хабарлайды «Kazgazeta.kz» тілшісі.

Аталмыш жоба тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыскасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерді әлемге қазақ прозасы мен позэзия жинақтарын 6 тілге аудару қолға алынды.

Осы жұмысқа қатысып жатқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының өкілдері шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлармен кездесу үшін Қазақстанға арнайы сапармен келді.

Биылғы жылға аударманың көркемдік сапасын арттыруға бағытталған бірқатар  арнаулы шаралар жоспарланған. Жиында Ұлыбритания, Испания, Ресей, Франция және Қытайдан келген аудармашылар мен әріптес ұйымдардың өкілдері жұмыс барысы жайлы баяндамалар жасап, авторлармен пікірлесті.

 

Бұған дейін хабарланғандай, қазақ әдебиеті жинақтарын ағылшын тіліне аудару, басып шығару және тарату жұмысы Кембридж университеті баспасының қатысуымен іске асуда. Танымал университет баспасы жобаға тәжірибелі аудармашылар мен беделді әдебиетші мамандарды тартқан. Британдық әріптестер «мәдени индукция» тәжірибесін қолдануды ұсынды. Ол аудармашылар мен редакторлардың түпнұсқа мәтін (елдің) мәдениеті мен оның мазмұнына терең үңіліуіне жол ашады Осы сапар барысында антология жобасына қатысушы шетелдік мамандар қазақстандық аудармаға байланысты туындаған сұрақтарын талқылап қоймай, Қазақстан мәдениеті, тарихы және қазіргі тыныс-тіршілігімен жақын танысады.

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ,

ҚР Жазушылар одағының төрағасы:

 -«Аударма деген-әйнектің астындағы гүл сияқты»,-деген сөз бар. Ал әйнек астындағы гүл өсіп, жұпарын шашып, сұлулығын көрсетуі керек. Бұл тұрғыда аудармашыларға артылар жүк салмақты.

Біздің қазақ әдебиеті аудармаға бай. Әлемнің классикалық шығармаларының аудармаларын бала күнімізден оқып өстік. Бірақ сырттағыны аударуға келгенде шеберіміз де, өзі шығармамызды сыртқа аудару жағына келгенде шорқақтап қаламыз. Біздің Абайдың өзі шет тіліне нәтижелі деңгейінде аударылған жоқ. Сондықтан, енді осы тәуелсіз кезеңнің әдебиеті шет тіліне аударылса — біздің әдебиеттің, жазушыларымыздың мерейі үстем болар. Бүгінгі жобаға «іске сәт!»,- дегім келеді.

Дайындаған: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *