Инспектор өліміне қатысты деген күдікпен қызылордалықтар іздестірілуде

289

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қарағанды облысында «Охотзоопром» инспекторын соққыға жығу оқиғасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

Министрдің сөзіне қарағанда, аталған іс бойынша Қызылорда облысының тумалары күдікке ілінді. Олардың арасында полиция қызметкерлері жоқ. «Күдіктілердің аты-жөнін, мінген көліктерін анықтадық. Бұл ретте куәгерлер де табылды. Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты іздеу жарияланды», — деді Қ. Қасымов. Бұдан бұрын хабарланғандай, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда қайтыс болған еді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *