ҚР СІМ хатшысы тағайындалды

256

ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды» — деілнген хабарламада.

Сонымен қатар ол, Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Нұрлан Сейтімов 1964 жылы Алматы облысында туған.

ҚазМУ-дың заң факультетін, Ресей Федерациясының СІМ Дипломатиялық академиясының «Халықаралық қатынастар» факультетін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.

КСРО Қарулы күштерінің қатарында қызмет етіп, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс атқарған.

ҚР СІМ жүйесінде 1994 жылдан бастап жұмыс істейді.

ҚР СІМ Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаментінде маман (Алматы қ, 1994-1996),

ҚР ГФР Елшілігінің бөлімшесінде үшінші хатшы (Берлин қ, 1996-1997),

ҚР СІМ КҚД екінші хатшысы, ҚР СІМ КҚД Еуропа және Америка елдері бөлімінің бастығы (Алматы, Астана, 1997-2000),

ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының консулы, ҚР Ганновер қаласындағы консулдығының консулы (2000-2004).

2004-2007 ж. – ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамет директорының орынбасары (Астана қ).

2007-2010 ж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары (Астана қ).

01.2010 — 11.2013 ж – ҚР РФ Елшілігінің кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.).

11.2013 — 03.2016 ж –ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы.

29.03.2016 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Дипломатиялық дәрежесі: II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *