Алматыда тікұшақ құлады

221

Алматыда «Алатау» санаториясы аумағында жеке тікұшақ құлады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

«17 қаңтардда сағат 16:05 Алматы қаласы Наурызбай ауданы Тау самалы шағын ауданындағы «Алатау» санаториясының ашық аумағында «Sky Service» әуекомпаниясының Еврокоптер-130  маркілі жеке тікұшағы құлады. Бортта 1968 жылы туған пилот болған. Ол жедел жәрдем машинасында қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы өзені бағытында ұшып келе жатқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы апат бойынша тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

«Sky-service» компаниясының «Еврокоптер-130» тікұшағы (UP-EC038 борт нөмірлі) Боралдай әуежайынан ұшып, «Үлкен Алматы» айналасында қонғанға дейін апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортындағы пилот-командир Шитов Валентин Викторовичті тапқанда тірі  болған. Ол жедел жәрдем машинасымен ауруханаға бара жатқан кезде жол үстінде қайтыс болды.  ҚР ИИМ мен көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастап кетті» , — деді Азаматтық авиация комитеті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *