Нығматуллин: мемлекеттік тапсырыстың 50 пайыздайы бір сатып алушымен жасалатын болды

944

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин бір сатып алушы арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру  тәсілін нәтижесі алдын ала белгілі болатын,  келісілген футбол матчтарына теңеді. Нығматуллиннің айтуы бойынша, 2000 жылдардың басында мемлекеттік тапсырыстардың бір сатып алушы арқылы жасалуы өте сирек кездесетін болса, қазір 50 пайызы осындай тәсілмен жасалады екен. Мәжіліс спикері бұл тәсілдің жемқорлық фактісін арттыруға ықпал етуде.

«Қолайына жақпаған орындаушыларды квалификациялық талаптарға сай келмеді деген уәжбен сүзгіден өткізеді.  Конкурсты өтпеді деп жариялайды да, алдын ала келіскен орындаушылардың бірімен келісім шартқа отырады. Бізде бір сатып алушымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру нәтижесі алдын ала белгілі болатын келісілген футбол матчтары секілді.   Бәсекелестік қайда, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы қайда?» —  деді Мәжіліс спикері.

Мысал ретінде Нығматуллин Атырау қаласының құрылыс бөліміндегі ашық конкурсқа қатысқан 12 қатысушының 11-інен бас тартып, құны1,2 миллиард теңге (3,2 миллион доллар) тұратын құрылыс нысанын бір сатып алушымен келісім шарт жасасу арқылы жүзеге асырғанын тілге тиек етті. Өзге орындаушылардың өтініші жұмысшыларының бірінің білімі туралы құжаты болмағаны үшін қанағаттандырылмаған.

Е. Байнұр




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *