Екібастұз ГРЭС 1 2018 жылды қуаттың рекордтық көрсеткіштерімен аяқтады

319

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 19,1 млрд. кВтс электр энергиясын өндіріп, 2018 жылды аяқтады, бұл 2017 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 29%-ға жоғары. Тұтас алғанда, Қазақстан нарығында ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының үлесі 18,9 %-ды құрады.

Станция бұл орайда жобалық жиынтық қуаты 3000 мВт құрайтын алты энергия блогының бәрі жұмыс істеп тұрып, 2018 жылғы 20 желтоқсанда қол жеткізген 3031 МВт рекордтық жүктемемен күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығын көрсетті. Тұтас алғанда, сегіз энергия блогының бәрі жұмыс істеген кезде, электр станциясының белгіленген қуаты 4000 МВт-ты құрайды.

Жыл бойы Екібастұз ГРЭС-1 өз тұтынушыларын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін тұтас іс-шаралар кешенін орындады. Атап айтқанда, жыл басынан бері станцияда № 4 энергия блогында кеңейтілген жөндеу, № 3, 5, 7, 8 энергия блоктарында ағымдағы жөндеу, № 2 және № 6 энергия блоктарында күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұдан тыс, қазір соңғы, есеп бойынша сегізінші №1 энергия блогында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Станцияның бұдан басқа энергия блоктары секілді, аталған энергия блогы күл тұту дәрежесі 99,6 % болатын жаңа буындағы тиімділігі жоғары электр сүзгісімен жабдықталады.

2021 жылға қарай отын-көлік цехының өндірістік кешенін қайта құру және қайта жаңғырту жобасын аяқтау жоспарланған. Жоба цехтар жабдығының өнімділігін, сондай-ақ оның сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жабдық қазандық агрегаттары үшін қажетті отынды дайындау, тасымалдау және бөлу бойынша үлкен жұмыс атқарады. Мәселен, 2018 жылы станцияның «Богатырь Көмір» ЖШС-нен жеткізілетін көмірді тұтыну көлемі 11,636 млн. тоннаны құрады.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – белгіленген қуаттылығы 4000 МВт және қолдағы бар қуаттылығы 3500 Мвт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы. ЕГРЭС-1 станциясының жалғз акционері – «Самұрық-Энерго» АҚ. Станцияда өндірілген электр энергиясының басым бөлігі Қазақстанның энергетика нарығында таратылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *