Ақылы ҰБТ қорытындысы жарияланды

343

2019 жылдан бастап Қазақстанда ҰБТ-ны жылына төрт рет қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында тапсыруға болатынын және қысқы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерін  Білім  және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов  мәлімдеді.

Елімізде 18-20 қаңтар аралығында тұңғыш рет ақылы ҰБТ өтті. Оған қатысу үшін 35 838 адам өтініш берді, оның ішінде 25 615 адам қазақ тілінде білім алады. ҰБТ-ға 34 687 адам қатысты. 24 012 адам межелік деңгейден асты, ал 10 675-ы өте алмады.

«Республикалық апелляциялық комиссияға тест мазмұны бойынша 8 өтініш берілді, оның 3-еуі қанағаттандырылды. Өткен жылы тест тапсырмаларының мазмұны бойынша 243 өтініш түсті, оның 101-і қанағаттандырылды. Осы орайда, қанағаттандырылған 21 тест сұрақтарының ішінен дұрыс құрастырылмаған тапсырма, ал қалғандары негізінен дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді — 56«, — деді Ұлттық тестілеу орталығының өклдері. Барлық түлектерге сертификатпен бірге ақпараттық парақтар беріледі, онда:

  • құжаттар бере алатын білім беру бағдарламаларының тізбесі;
  • осы жылы бөлінетін гранттардың саны;
  • өткен жылғы грантқа арналған конкурстың нәтижелері және өткен жылғы жартылай өту балдары көрсетіледі. Талапкерлер дәлелді себептермен тапсыра алмаған болса, келесі жолы ҰБТ тапсыру мүмкіндігі беріледі.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *