Оралда ауа райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

570

Оралда күннің қатты суытуына байланысты орта мектептерде сабақ тоқтатылды.

Бүгін сынап бағанасы 28 градусқа дейін төмендеуіне байланысты  құтқару қызметінен тұрғындарға 0-9 сыныптарда сабақ болмайтыны жөнінде смс хабарламалар жолданды. Оралда қатты аязға байланысты сабақты тоқтату туралы шара алғаш рет қолданылып отыр.

Биыл өңірде қар қалың түскен, сондай-ақ, ақ ұлпаның молдығы бұған дейін де Батыс Қазақстан тұрғындарына біраз қолайсыздықтар туғызды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *