Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы ресейлік клуб директоры болды

587

Қазақстандық Максим Шевченко Ресейдің екінші дивизионындағы «Зенит-Ижевск» директоры болып сайланды, — деп хабарлайды KazFootball.kz.

2018 жылы Шевченко Солтүстік Қазақстан облысының «Рузаевки» клубында бапкер болды. Оған дейін үш ай «Қайраттың» жастар команадсын жаттықтырып, оларды чемпиондыққа жеткізген. Сонымен бірге, алматылықтардың академиясында да еңбек етті.

38 жастағы Шевченко алматылық футбол мектебінің түлегі, алайда, футболшы карьерасын Ресейде бастады — «КАМАЗ» клубы. Одан кейін новороссиялық «Черноморец», «Носта» және «Лада» үшін ойнады, ал 2003 Қазақстанға келіп, «Тобыл», «Жетісу», «Шахтер», «Есиль-Богатырь», «Қайрат» және «Іле-Сәулет» сапында болды.

 

Футболшы карьерасын Шевченко жарақат салдарынан 30 жасында аяқтады. Қазақстан құрамасы үшін ол 11 ойын өткізіп, үш гол соққан.

Айта кетейік,  «Зенит-Ижевск» 2011 жылы құрылып, барлық маусымын екінші дивизионда өткізді — Ресей чемпионатының үшінші деңгейі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *