Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан елшісімен кездесті

239

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Қырғызстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ақылды қалаларды дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, металлургия, азық-түлік саласы, машина жасау, құрылыс материалдары және химия өнімдері секілді салаларда Қырғызстанға экспорт номенклатурасын кеңейту келешегі қаралды. Сонымен қатар өңіраралық және шекара маңы өзара іс-қимылына қатысты мәселелер де қаралды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *