Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі шақырады

886

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі  2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында өтетін көрмелер мен экспозициялық залдарды тамашалауға шақырады.

Жоспардағы көрмелер:

* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2019 жылдың 31 қаңтары

сағ. 15.00-де «Музейге сый – ұрпаққа аманат» атты көрме ашылады. Көрмеге 2017-2018 жылдары музей қорын толықтыру үшін халық сыйға тапсырған музейлік мәні бар заттар (ұлттық киімдер, тұрмыстық бұйымдар, белгілі тұлғалардың жеке заттары мен отбасылық мұрағаттағы суреттері және т.б.) қойылады.

* Музей «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірге 2019 жылдың 1-3

наурыз күндері «Бәйшешектер гүлдегенде» Орталық-Азия қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

* Алматы қаласындағы Гёте-Институтымен бірігіп 2019 жылдың 14 наураз күні «Германия – өнертапқыштар елі» Халықаралық интерактивті көрме өткізеді. Көрме 2019 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.

Ашылған көрмелер:

* «Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар: қыштағы ою өрнек өнері (музей қорынан алынған қыш материалдар негізінде)» Қазақстан аумағынан табылған шыңылтырлы және қалыпталған қышты сәндеуде қолданылатын ою-өрнектердің саналуандығы (зооморфтық, геометриялық, көгөріс және эпиграфиялық) туралы көрме. Көрме жылдың соңына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің тұрақты экспозициялары:

• 1-зал: Палеонтология және археология залы;

• 2-зал: Тарихи этнография залы;

• 3-зал: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және Қазақстандағы диаспоралар мәдениеті залы;

• 4-зал: Қазіргі Қазақстан залы;

• 5-зал: «Ашық қор. Қазақстанның археологиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1300 тг.

• 6-зал: «Антропология музейі» экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.

• 7-зал: «Н.Г. Хлудов» залы экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.

Мекен-жайы: Самал-1 ы.а., 44-үй, т. 264-55-77, 264-46-50

Жұмыс кестесі: 9.30-дан 18.00-ге дейін, әр сейсенбі – демалыс

Музейге кіру ақылы: ересектер үшін – 300 теңге, студенттер үшін – 200 теңге, зейнеткерлер үшін – 150 теңге, оқушылар үшін – 100 теңге, шетел азаматтарына – 500 теңге.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *