Әкімдікте Астананың дамуына қатысты мәселелер талқыланды

352
Дүйсенбі күні Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен әкімдікте отырыс өтті, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Үлестік құрылысқа қатысушылардың мәселелері бойынша қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун айтып берді.
«Өткен аптада біз «Азбука жилья» нысандарына қатысты жағдай бойынша толық мәлімет берген болатынбыз. Алдағы екі аптада біз «Айсанам де люкс» және «Садовые кварталы» тұрғын үй кешендері бойынша сараптама қорытындысын аламыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осы нысандарға қатысты қаржылық модельді бекіту және конкурсты жариялау материалдары дайындалуда. Проблемалы «Комсомольский» нысанына қатысты сараптаманың қорытындысын алу ақпан айының ортасына жоспарланған. Алдағы аптада «ИСК АСИ Котлярова С. В» компаниясының нысандарына қатысты жұмыстар жүргізілетін болады. Басқа нысандар бойынша жұмыстар жоспарға сай жүргізіліп жатыр», – деді С. Хорошун. Денсаулық сақтау саласындағы, сондай-ақ, елордада ұйымдастырылған мұз қалашықтары мен мұз айдындарындағы қазіргі жағдай туралы елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев баяндап берді.
«Медициналық ұйымдар Бірыңғай дистрибьютормен 2019 жылға дәрілік заттарды жеткізуге оферта шарттар жасады, препараттарды жеткізу басталып кетті. Жыл басында пациенттер дәрілік заттарсыз қалмауы үшін 2018 жылдың желтоқсанында барлық пациенттерге 3 айға жететін препараттар берілді», –  деді Е. Аманшаев. Оның айтуына қарағанда, 26 қаңтардағы жағдайға сәйкес денсаулық сақтау мәселелері бойынша резонанстық жағдайлар болған жоқ. Есепті аптада IKomek «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына» 101 шағым түскен. «Барлық түскен шағымдар қаралуда, олардың әрқайсысы бойынша шаралар қабылданады. Келіп түскен шағымдардың басым бөлігі бірден шешіледі», – деді Аманшаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 2018 жылдың 18 желтоқсаны мен 2019 жылдың 27 қаңтары аралығында мәдениет және спорт мекемелерінде, сондай-ақ, ашық алаңдарда 165 мәдени және спорттық іс-шара өткізілді. Қала бюджетінің орындалуы барысы, қабылданған объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне алу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин баяндады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова баяндады. Оның айтуынша, Астанада азық-түліктің негізгі түрлерінің бағасы тұрақты. Кеңес барысында қала әкімі Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына аудан әкімдіктерімен бірігіп көп пәтерлі тұрғын үйлер қасбеттерінің жай-күйіне талдау жүргізуді тапсырды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышевтың айтуынша, 2018 жылы басқарма 486 қызмет көрсету ұйымында тексеріс жұмыстарын жүргізген. «2018 жылдың қорытындысы бойынша басқарма мен Астана әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығына келіп түскен өтініштердің саны 80% төмендеді», – деді Т.Құлұшев. Молдағұлова к-сі, 27 а үй қасбетін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай көшесі, 8 («Столичный» ТК), Сейфуллин к-сі, 4 ( «Жастар-2» ТК), Жұбанов к-сі, 10, Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 9 (№4 қалалық), Байтұрсынов к-сі, 19, Тәшенов көшесі, 17/1 орналасқан тұрғын үйлерге қасбетке қатысты проблемалы мәселелері бар учаскелерді жоюға көмек көрсетілді. Сембинов көшесі, 9 мекен-жайы бойынша орналасқан үйде («Хан Тенгри») қабырғаның сыртқы қабаты қалыңдатылды. Осы ретте Бақыт Сұлтанов қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына аудандық әкімдіктермен бірлесіп, жұмысты қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Қаладағы криминогенді жағдай және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қолға алынған н шаралар бойынша есепті полиция департаментінің бастығы Марат Қожаев берді. Оның айтуынша қаладағы жағдай тұрақты. Өткен аптада 479 қылмыс тіркелген,. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 41 қылмысқа аз. Ауыр дене жарақат алу мен автокөлікті ұрлау оқиғалары тіркелген жоқ, бұзақылық көрсету оқиғаларының өсіміне жол берілмей, тонау саны азайып отыр. «Сергек» кешені арқылы бір апта ішінде 8 628 (56,6 млн. теңгеге ) құқық бұзушылық тіркеліп, өңделді. Бейне-бақылау камераларының көмегімен 12 қылмыс, 805 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 62 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Түсті металлдар қабылданатын орындарды тексеру жұмыстары жалғасуда. 51 пункт тексеріліп, (Байқоңыр-17, Сары арқа-18, Есіл-16), металл жинаумен және металл қабылдаумен айналысатын 25 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Люктерді ұрлау оқиғалары тіркелген жоқ. Қаланы алдағы газдандыру барысы туралы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Е. Төлеуов баяндады.  І кезектің жүзеге асырылу мерзімі 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта қаржыландыру бөлінуінің шамасына байланысты жоспарланып отыр. 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын іске асыру барысы туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыров айтты. Жоспарда  9 ауруханалық ұйымдарды біріктіру жолымен төрт көп бейінді қалалық аурухана және медициналық психологиялық денсаулық орталығын құру қарастырылған. Бұдан бөлек, емханалардың 20 минуттық аралықта орналасуын және жалпы қарайтын дәрігерге түсетін жүктемені азайту мақсатында емханалар желісін құру тұжырымдамасы әзірілген. Онда қымбат емханалардың орнына шағын дәрігерлік амбулаторияларды ашу қарастырылған. Бұл жоба «Қолжетімді дәрігер» атауына ие болды. «Осыған байланысты, аталған жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Бірыңғай перспективалық жоспарда көзделіп жоспарланған 11 емхана құрылысының орнына 51 дәрігерлік амбулатория ашу бойынша өзгерістер ұсынамын», – деп атап өтті Надыров. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындыларына сәйкес елорданың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) секторына құйылған инвестиция көлемі алдыңғы жылмен  салыстырғанда 55%  артып, 17,5 млрд теңгені құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 20% өсіп, 20 мың адамды құрауда. «Сергек» жобасы іске асырылды. Елдегі ең қауіпсіз жолдар Астанада. Елордалық жүргізушілер тәртіпті сақтауды үйренді. Бұл жолдағы апаттылыққа оң әсерін тигізді. 2017 жылмен салыстырғанда, бұл жоба жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын өлім-жітімді екі есеге төмедетуге, олардың санын жалпы санын 20% — ға азайтуға мүмкіндік берді», – деді Ә Әбдіқадыров. Одан бөлек, денсаулық сақтау бойынша барлық медициналық ұйымдарда интернет желісіне 100% қосылған. Барлық Астаналық мектептер интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Балабақшаға кезекке қою және оларға жолдама беру, 1 сыныпқа қабылдау, колледждерге қабылдау автоматтандырылды. Сонымен қатар, осы жылы келесі бастамаларды іске асыру жоспарлануда: мектептерді қажетті компьютерлік жабдықтармен толық жабдықтау, барлық мектепке Wi-Fi өткізу, STEM зертханаларын орнатуды жалғастыру. Тұрғын үйлерде деректерді қашықтықтан беру арқылы есептеу құралдарын орнату жалғасуда. Биыл біз мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Интернет заттар» технологиясын қолдана отырып, 31 мың шамды ауыстыруға қатысты үлкен жобаны бастаймыз. Бұл жоба шығындарды 60%-ға дейін үнемдеуге, мүмкіндік береді. Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *