Ең жоғарғы жалақы — 13 миллион, ең төменгісі — 15 мың теңге

1949

2018 жылдың ІV тоқсанында бір жұмысшыға төленетін орташа жалақы көлемі 176050 теңгеге жеткен. Ең төменгі жалақы білім саласында төленетіні мәлім болған. Ол – 107.9 мың теңге. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 38,7%-ға төмен.

Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің деректері бойынша, ең жоғарғы жалақы – тау-кен өндіру және кареьераны өңдеу саласында төленеді екен. Ол – 390, 4 мың теңге. Бұл орташа айлық жалақыдан 2,2 есеге артық. Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметінің қызметкерлері жайғасады – 364,7 мың (орташа жалақыдан 2,1 есеге артық), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 332,5 мың теңге (1,9 есеге артық) жалақы төленсе, ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері – 261,7 мың теңге (1,5 есеге артық), құрылыс саласындағылар – 227,5 мың теңге (1,3 есеге артық) жалақы алады.

Ең жоғары жалақы алатын өңір – Атырау. Ондағы нақты жалақы – 320,5 мың теңге, ол орташа жалақыдан 1,8 есеге артық. Түркістан облысындағы жалақы – 109,7 мыңға жеткен. Бұл орташа жалақыдан 37,7 пайызға төмен.

Төменде өңірлердегі орташа жалақы деңгейін көруіңізге болады.

Ең жоғары жалақы тау-кен өндіру кәсіпорны мен карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі түрлері салаларындағы бас директорлардыкі болған. Оның көлемі — 13192,4 мың теңге. Ең төменгі жалақы – 15,6 мың теңге білім беру және мемлекеттік басқару салаларында үй-жайларды жинап тазалаушыға төленген.

Есен Байнұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *