Жалақысына 1000 теңге қосылыпты

493

Не күлерлік, не жыларлық күйдің қайсысын таңдарымды білмей отырғаным?…
Келіншегім Павлодар қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші. Жоғары білімді, 5-6 жылдық еңбек өтілі бар. Былтыр Президентіміз «Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі» дегенде өзге әріптестерімен бірге біздің үйдегінің де көңілі жайнап, қаңтар айын күтіп жүрген. Жалпы қаңтар айын білім саласының барлық қызметкерлері аса бір елеулі жаңалық болады деп асыға күткендері анық. Сөйтсек…
… Бүгін келіншегім хабарласып тұр. Жалақысына 1000 теңге қосыпты. Әлгі сомадан зейнетақы төлемі мен табыс салығын, профсоюзына төлейтінін есептегенде, қолына тұп-тура 700 теңгеге артық қаражат тиеді екен! Қандай бақыт десеңізші. «Жарайт, бір 3-4 күн үйге сүт сатып алуға жетер» деп жұбаттым. Басқа не деп сабырға шақырайын?
Кейбір кәсіпорындар жылма-жыл ағымдағы инфляцияны есептеп, өз қызметкерлерінің еңбекақысын кемі 6-7 пайызға өсіріп тұратынын білетінмін. Ал жалақыны 1,7 пайызға көбейту тек білім саласында, оның ішінде бюджеттік мекемелерге ғана тән болар.
Осындай жайттарға қарап отырып, қанын қараятыны рас. Оқу-білім саласының қаржысына иелік жасап отырғандар Елбасының әлгі тапсырмасына көз жұма қарап, шөміштен қысу саясатын осылай жалғастыра бере ме?

Мұрат Аяғановтың фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *