Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы тағайындалды

205

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

«Сәкен Жүнісбекұлымен біз біршама уақыт қызмет атқардық, осы уақыт аралығында ол өзін спорт саласының нағыз білікті маманы ретінде көрсете білді. Оның жинақтаған тәжірибесі мен білімі олимпиадалық комитеттің бұдан да биік шыңдарды бағындырып, кәсібилігінің артуына, дамуына ықпал етеді деген сенімдемін» — делінген министрдің хабарламасында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *