Нұрлан Нығматуллин: Жол құрылысына миллиардтарды жұмсаймыз, бірақ ірі жүк көліктері бетімен кетеді

618

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин Парламентте өткен Үкімет сағатында Көлік мәселелеріне қатысты заң жобасына түзетулер мен өзгертулерді қарастыру барысында ірі көлемді және ауыр жүк тасушы машиналардың жол жүру Ережесін өзгерту қажеттігіне тоқталды.

Спикердің пікірінше, егер жүктің салмағы мен көлемі рұқсат етілген көлемнен асып кетсе, жүк тасымалдаушыларға жүкті бөліп тасымалдау керек. Бұл жолға түсетін салмақты азайтып, оның тез бүлінуіне бастайды.

«Жыл сайын жол құрылысы мен оны қайта жөндеу үшін миллиардтаған қаржы бөлінеді.  Бұл қаржының көп бөлігін халықаралық банкілерден аламыз. Біразы мемлекеттік бюджеттен төленеді. Ірі көлемді жүк машиналарына оңай рұқсат береміз. Сосын Еуропаның жолдары неге жақсы, біздің жолдар неге тез бұзылады деп қайран қаламыз да отырамыз», — деді ол.

Нұрлан Нығматуллиннің айтуы бойынша, Еуроодақ директивасының жасаған Ережесі бойынша, ірі көлемді ауыр жүктерді тасымалдауға тек ол жүкті бөліп тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Бұл Ереже Еуропа елдерінде ғана емес, Ресейде де, Қырғызстанда да бар. Қазақстан заңдылықтарында бұндай Ереженің болмауы жол сапасына кері әсерін тигізуде.

www.kazgazeta.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *