Сбербанк Қостанай облысындағы цемент зауытының құрылысын қаржыландырды

494

Рудный қаласында (Қостанай облысы) Сбербанктің қаржыландыруымен цемент зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сбербанк «Даму» КДҚ» АҚ және «Тобол» ӘКК-мен бірлесе отырып Солтүстік Қазақстан облысындағы әр түрлі цемент маркаларының өндірісі бойынша алғашқы зауыттың құрылысын қаржыландырды. «Рудный цемент зауыты» ЖШС-нің аталған ірі жобасын іске асыру аймақ өнеркәсібін дамытуда маңызды рөл атқарады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ШОБ қолдау көрсету — таяудағы жалдарға арналған банктің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады», – деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. — Бір кәсіпкерлікті дамытудың ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және осы процесске белсенді ат салысамыз. Біздің банк үшін әлеуметтік маңызы жоғары жобалар әрқашан басым орында болғанын айта көткен жөн», — дейді Ельдар Амантаевич.

«Бұрын Қазақстанда цемент өндірісі елдің оңтүстігінде және шығысында шоғырланған, бұл ретте батыс және солтүстік өңірлер осындай қажет құрылыс материалын Ресей Федерациясынан сатып алуға мәжбүр болатын. Ал қазір жақын өңірдегі құрылыс компаниялары жоғары сапалы отандық цементті арзанырақ бағаға сатып ала алады«, — деп атап өтті «Рудный цемент зауыты» ЖШС директоры Артем Макласов. — Сондай-ақ зауытта инновациялық әдістерді енгізудің арқасында цемент өндірісі кезінде элект энергиясын пайдалану айтарлықтай төмендегенін айтып өткен жөн, бұл өз кезегінде біздің кәсіпорынның аймақ экологиясына әсерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді».

Қостанай облысындағы цемент зауытының құрылысы аясында «Рудный цемент зауыты» ЖШС-нің ірі жобасын қаржыландыру «Тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды дамыту» мемлекеттік жобасын сәтті іске асыруға үлес қосады, қазақстандық құрылыс компанияларының шетелден сатып алудан тәуелділігін азайтады және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *