Шымкентте денсаулық сақтау жұмыскерлерінің конференциясы өтті

1788

2019 жылғы 29 қаңтарда Шымкент қаласында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының Конференциясы өтті.

Конференцияға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов, «»SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Дүйсенов, конференцияға делегаты болып сайланған 65 адамның 59 делегаты және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде:

1.«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиаланың төрағасын сайлау туралы.

2. Филиалдық тексеру комиссиясын сайлау туралы.

3. Филиалдың кеңес құрамын құру туралы мәселелер қаралды.

Конференцияда «SENIM» денсалық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы болып бірауыздан Е.Батырбеков сайланды.

Сонымен қатар конференцияда Филиалдың бақылау-ревизиялық комиссиясының құрамына 5 адам, Кеңес құрамына 34 адам бірауыздан бекітілді.

Конференциядан кейін филиал Кеңесінің жиыны өтіп, атқару комитетінің мүшелігіне 7 адам сайланды.

Жиын соңында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов, «»SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Дүйсенов 2018 жылдың қорытындысымен және алдағы жылдың міндеттерімен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және жаңадан сайланған филиал төрағасына, сондай-ақ комиссия, кеңес, атқару комитеті мүшелерінің жұмыстарына табыстар тіледі.

Серик Ауесханов




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *