2018 жылы 200-ден астам қазақстандық турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен зардап шекті

413

2017-2018 жылдары 200-ден астам қазақстандық туристер 153 млн. теңгеден астам сомаға алдаған 10 астам алаяқ-компаниялардың құрбаны болды деп хабарлайды «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қор баспасөз-қызметі.

Атап айтқанда, 2017 жылы турфирмалар тарапынан алаяқтық іс-әрекеттердің 4 жағдайы тіркелген. Оннан астам адам 16 млн. теңгеден астам зиянмен жалғыз-турфирмалардың заңсыз іс-әрекетінен зардап шекті.

Мысалы, 23 жасар кәсіпкер 2017 жылғы сәуірде Instagram арқылы турларды сатуды ұйымдастырып, алдау жолымен және сенімді теріс пайдаланып төрт жәбірленушіге Доминикан Республикасына және Біріккен Араб Әмірлігіне төмен бағамен жалпы 4,4 млн. теңге сомасына турларды уәде еткен. Сол жылдың тамызында туристік жолдамаларды ұсынып, 10 млн. теңгені алдау жолымен иемденген Астанадағы туристік компания басышысын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы полицияға өтініш келіп түсті. Сәл кейінірек, қазанда астаналық турфирманың бас директоры жауапкершілікке тартылды. Шетелге турды ұсынып, ер адам алдау жолымен астананың 57 жасар тұрғынының 1 млн. астам теңге сомасын иемденген.

Тура сол айда Чехияға билет сатып алған, күйеуімен турфирманы таңдаған әйел адам полицияға жүгінді. Ұшар қарсаңында оларға турфирмада белгілі проблемалар туындағаны хабарланды. Әйел адам олардың билеттерінің броны жойылғанын аңғарды. Кейін турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен басқа құрбан шеккендер де полицияға арызбен жүгінді. Директор тұтқындалды.

Сонымен бірге, 2018 жылы 200 адам 7 турфирманың және олардың менеджерлерінің алаяқтық іс-әрекеттерінен жалпы сомасы 137 млн. теңгеге жәбірленді. Атап айтқанда, шілденің өзінде турфирмалар тарапынан алаяқтықтың 4 фактісі тіркелді. Мысалы, Алматыдағы туристік компания 30 қазақстандықты 19 млн. теңгеге алдаған. Фирма Түркияға жолдамаларды арзан бағамен сатқан. Зардап шеккендердің сөздерінше, оларға қонақ үйде брон расталмағаннан кейін күмән туындай бастаған. Тура сол айда Алматыда турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен 10 адам зардап шеккен. Шығын сомасы 10 млн. теңгеден асты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *