«Әлемді шулатады». Қанат Ислам Қазақстан атын шығаратын боксшыларды атады

480

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам (25-0, 20 КО)  кәсіпқой рингтегі ізбасарларын атады.

Қанат Ислам бокстан кету туралы сұраққа жауап берді

WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері кәсіпқой бокстағы қазақстандық бірнеше спортшыны ерекше атап өтті.

«Жақсы боксшылар көп, жақында Садриддиннің жеңісіне куә болдық. Бастапқыда-ақ Олимпиадаға қатысатын болса, Қазақстан қоржынына жүлде салатын осы екі жігіт — Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы деп ойлаймын. Бұрын да солай ойлайтынмын, өйткені спаррингке тұрып көргенмін. Әлеуетін жақсы білемін. Бұйырса олар әлі үлкен биіктерге жетіп, әлемді шулатады деген ойдамын», — дейді белгілі боксшы.

Сонымен қатар, Қанат Ислам Top Rank Promotions компаниясымен келісімшарт жасасқан тағы екі боксшыны атады.

«Сосын тағы екі жігітіміз бар — Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов. Мықты болмаса, кем емес», — деп атап өтті қазақстандық кәсіпқой.

Қанат Ислам рингке оралуына қатысты мән-жайды айтты

Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *