«Camerata Tempo» IIІ Халықаралық камералық музыка фестивалі Алматы қаласында өтеді

894

«Camerata Tempo» IIІ Халықаралық камералық музыка фестивалі 2019 жылғы 2 — 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді, — деп хабарлайды камерлық  музыка ансамблінің баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Швейцариядан келген профессорларының қатысуымен «Халықаралық мастер-класс» (скрипка) бірлескен жобасын ұсынады:

Павел Верников — Вена консерваториясының және Швейцариядағы жоғары музыка мектебінің профессоры.

Светлана Макарова — халықаралық конкурстарының лауреаты, Лозанна жоғары музыка мектебінің профессоры.

Шернияз Мусахан — халықаралық конкурстарының лауреаты, «Young Eurasian Soloists» камералық музыка оркестрінің көркемдік жетекшісі және құрушысы.

Яна Озолина — халықаралық конкурстарының лауреаты, Базель консерваториясының доценті.

Халықаралық тәжірибеде алғаш рет скрипкашыларға арналған мастер-класстар камералық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Мастер-класс қатысушылары – Alumine Temis Barrutia (Аргентина), Marie-Sophie Baumgartner (Швейцария), James Warren (Ирландия), Sayaka Nakajima (Япония), Vaigaile Dainaciute (Литва), Anastasia Pentina (Россия), Christa — Maria Stangorra (Германия), Yuliia Van (Южная Корея), Иван Смирнов (Россия), Aleksandra Khmara (Украина), Дуйшенбаева С., Каратаева В., Шильдебаева А., Рысберды Ж., Өсербек А., Омар А. (Қазақстан).

Жобаның мақсаты Алматы қаласындағы музыка мектептер оқушыларының, студенттердің және ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыруға, ақпараттық және практикалық көмек көрсетуге бағытталған.

Бір апта бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аудиториялары мен залдарында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблінің сүйемелдеуімен Швейцариядан келген профессорлардың мастер-класстары, концерттері өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *