АУДАН БАСШЫСЫ ЕҢБЕКШІ ЖӘНЕ ИІРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ

71

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, бүгін аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы Еңбекші және Иіржар ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ең алдымен есептік кездесу барысында бейнефильм көрсетіліп, тұрғындар өткен жылдың басты деген оқиғалары мен атқарылған жұмыстарды үлкен экран арқылы тамашалады. Мұнан соң аудан басшысы былтырғы жылы жүзеге асқан шаруалар мен алдағы уақытта қолға алынатын жұмыс жоспарларымен таныстырып өтті.

Жалпы Еңбекші ауылдық округінде өткен жылы атқарылған тірлік көп. Мәселен, Т.Жайлыбаев елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін бюджеттен 22,400 миллион теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда ескірген су құбырлары ауыстырылып, 445 абонентке су есептегіш құралдары орнатылуда.

2018 жылы ауылдық округке қарасты Т.Жайлыбаев ауылындағы Алаш, Достық көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, дәл осы ауылдағы Жоба №1 көшесіне, Жантақсай ауылындағы Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебіне баратын жолға асфальт төселген.

Округтегі мәдениет үйі бойынша биылғы жылы жоба сметалық құжат әзірлеу үшін аудандық бюджет есебінен 8 миллион теңгеден аса қаржы қаралған. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу 2020-2021 жылдарға жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2018 жылы Жантақсай ауылынан мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 30 миллион теңгеге жаңадан медициналық пункт салынып, пайдалануға берілген.

Ал, Иіржар ауылдық округінің тұрғындарына газ келетін күн алыс емес. Биыл округтегі ауылдарды газбен қаматамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

2018 жылы Иіржар ауылындағы Наурыз көшесі, Наурыз ауылындағы Жұлдыз көшесі, Диқан ауылындағы Жайлау көшесі асфальттенген. Сондай-ақ, Азат ауылындағы Шынар көшесіне, Диқан ауылындағы Азамат көшесіне тас төселген.

Иіржар ауылдық округінің білім саласында былтыр жағымды жаңалықтар көп болды. Атап айтқанда, Наурыз ауылында 200 орындық мектеп және Диқан ауылында 600 орындық жаңа мектептер пайдалануға беріліп, тұрғындарды қуанышқа бөледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *