Астананың Алматы ауданында зейнеткерлерге арналған 3 демалыс орталығы ашылады

470

Азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Халыққа есеп беру кездесуінде Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев 2019 жылы ауданда тұрғындардың өмір сүруі, жұмысы және демалысы үшін қолайлы, қолжетімді және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатынын айтты. «Азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері үнемі бақылауда. Көмекке мұқтаж адамдарды анықтай отырып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, зейнеткерлерді, аз қамтылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бойынша әлеуметтік акциялар өткізу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады», – деді Ә.Сәрсембаев. Ол атап өткендей, ауданда аула клубтары мен демалыс орталықтарын ашу тәжірибесі жалғасын табады. Бүгінгі таңда зейнеткерлер үшін үш бос уақыт орталығын ашу жоспарланған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *