«Қазақ аруы» сұлулық байқауына кастинг жарияланды

388

«Қазақ аруы-2019» сұлулық байқауына кастинг жарияланғаны жөнінде продюсер, актриса Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Продюсердің мәлімдеуінше,«Қазақ аруы» байқауының кастингі 2-3 ақпан күндері Алматы қаласында «Самал» ықшамауданы, Қажымұқан көшесі, 49, «ZMOOD» мейрамxанасында, ал 8 ақпан күні Астана қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі 8, «The one hotel Astana» қонақ үйінде өткізіледі. Уақыты — 12:00-ден 18:00-ге дейін.

Байқаудың басты талаптары жайлы: «қазақ тілін жетік меңгеру, көрікті әрі келбетті, ақылды әрі дарынды болу, 16-22 жас аралығы, бойы 170 см-ден жоғары, салмақ 53 кг-нан төмен. Егер осы сипаттамаға сай болсаңыз, іске сәт! Байқау ұйымдастырушылары мен алтын тәж сізді күтуде» — делінген. Сонымен қатар, бұл байқауда қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен салт-дәстүрі туралы да хабардар болу қажет. Бұл сұлулық байқауы болғандықтан, қатысушылар білімімен қатар сұлулығын да көрсете алуы керек.

«Қазақ аруы» Қазақстанда осымен тоғызыншы рет өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *