Түркі Кеңесінің Ақпараттық-коммуникациялық технологияларына (АКТ) жауапты министрлердің үшінші отырысы өтті

344

Түркі Кеңесінің Ақпараттық-коммуникациялық технологияларына (АКТ) жауапты министрлердің үшінші отырысы 2019 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласында өтті.

Жиналыс Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев және Түркі кеңесі Бас хатшысы Бағдад Әміреев қабылдауында, Түркия Республикасы Көлік және инфрақұрылым министрі Мехмет Жахит Турханның; Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс комитетінің төрағасы Бақыт Шаршембиевтің; Әзірбайжан Республикасы көлік, коммуникация және жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Велизаденің; және Венгрияның Ақпараттық коммуникациялар, инновациялар және технологиялар Мемлекеттік хатшысының орынбасары Карол Балаш Солимардың қатысуларымен өтті.

Бас хатшы Бағдад Әміреев мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы АКТ рөлін атап өтті. Ол Түркі Кеңесінің Хатшылығы Жұмыс тобының отырыстары арқылы мүше мемлекеттердің кибер қауіпсіздік, TASIM жобасы және талшықты инфрақұрылым, спутниктік қызметтер және электрондық үкіметтің негізгі мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы үшін маңызды бірлескен жобаларына тоқталды.

Атап айтқанда, 2018 жылы 3 қыркүйекте Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі кеңесінің 6-шы Саммитінде Президенттердің АКТ секторына үлкен мән бергенің және мүше-мемлекеттердің АКТ саласында өзара ынтымақтастығын күшейтуге және үйлестіру бағытына ерекше мән бергенін атап өтті.

Түркі Кеңесі мүше мемлекеттердің арасында осы саладағы ынтымақтастығы мен үйлестіруін күшейту жөніндегі күш-жігерін жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы төрт негізгі ынтымақтастық бағытына тоқталып өткен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ТАСИМ жобасының барлық мүше мемлекеттердің мүдделеріне қызмет ететін стратегиялық бастама ретінде маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Түркияның ТҮРКСАТ арқылы мүше мемлекеттердің ұлттық телеарналарын тарату жөніндегі ұсынысына қолдау білдірді.

Түркия Республикасының көлік және инфрақұрылым министрі Мехмет Жахит Турхан өз сөзінде ТАСИМ жобасы Шығыс пен Батыс байланысын біріктіретін ақпарат желісі деп атады. Министр Түркі Кеңесінің ынтымақтастықтың нығайту жолындағы рөлін атап өтіп, барлық мүше-елдері арасында келісілген жобалардың жүзеге асыру жөнінде бірлескен жұмысты күшейтуге шақырды.

Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс комитетінің төрағасы Бақыт Шаршембиев өз елінің АКТ саласындағы мүше елдермен ынтымақтастықты, атап айтқанда спутниктік қызмет көрсету (цифрлық хабар тарату) саласында және TASIM жобасына қосылу арқылы дамытуға дайын екендігін атап өтті.

Әзірбайжан Республикасы Көлік, коммуникация және жоғары технологиялар министрінің орынбасары Элмир Велизаде өз елінің экономиканы цифрландыру рөлін атап, Түркиямен электронды қолтаңба бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуына тоқталып, мүше мемлекеттер арасында бұл екі маңызды бағытта ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Алғашқы рет қатысқан Ақпараттық коммуникациялар, инновациялар және технологиялар жөніндегі Мажарстанның Мемлекеттік хатшысының орынбасары Мажарстанның АКТ саласындағы Түркі Кеңесі мүшелерімен тығыз ынтымақтастыққа дайындығын атап өтті. Ол мүше-мемлекеттерді 2019 жылы 9-12 қыркүйек аралығында Будапештте өтетін ITU Telecom World 2019 іс-шарасына қатысуға шақырды және бұл шараның шеңберінде Түркі Кеңесінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларына жауапты министрлердің кездесуін өткізуді ұсынды.

АКТ-на жауапты министрлер өз пікірлерінде қол жеткізілген табыстар мен қиындықтарды атап өтіп, осы саланың дамуында стратегиясы/қызметімен бөлісті. Түркі Кеңесінің мүше-мемлекеттері АКТ саласындағы үлкен әлеуетін атап өтті және бірлескен жобаларды жүзеге асыру және инновация, деректердің еркін ағымы, ТАСИМ жобасының жеделдету, электрондық қолтаңба және электрондық үкімет, сандық технологиялар, киберқауіпсіздік және т.б. сияқты салаларда үздік тәжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Бас хатшы Әміреев бастаған жалпы пікір сайыстардан кейін, министрлер 2019 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында Министрлер кездесуіне дейін мүше мемлекеттердің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөнінде өткен жұмыс тобының кибер қауіпсіздік, электронды үкімет, спутниктік қызметтер және TASIM жобасы талшықты инфрақұрылым, сондай-ақ АКТ-мен байланысты басқа да басым мәселелер бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған АКТ бойынша Жұмыс тобының 4-ші отырысында келісілген жобаларды іске асыру тәсілдерін талқылады. Олар сондай-ақ, АКТ саласындағы қазіргі ынтымақтастықты жандандыру бойынша жаңа бастамалар мен ұсыныстарды ұсынды. Министрлер Жұмыс тобының отырысының келісілген хаттамасын қабылдады және Түркі кеңесінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары бойынша Министрлердің кезекті отырысын 2020 жылы Қырғызстанда өткізуге келісті.

Отырыста Бас хатшы Бағдад Әміреевпен бірге Бас хатшының орынбасары Өмер Кожаман, Жобаның жетекшілері Али Чивилер, Фарух Жумаев және Жанар Нұғұманова қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *