Кадр мамандары бас қосқан жиын

130

Агенттіктің аумақтық департаментінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мекемелердің кадр мамандарының басын қосқан жиын өтіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында сөз алған Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілгендігін еске салды. Соның арқасында мемлекеттік қызметке қабылдау процессі жақсара түскендігін әлеуметтік зерттеудің нәтижелері көрсетіп отыр. Респонденттердің 60%-ы мемлекеттік қызметке жаңадан түсушілердің білім деңгейі артты деп атап өткен. Іріктеу барысын жетілдіру мақсатында 1 қаңтардан бастап конкурс өткізу қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді.

«Өздеріңіз білетіндей азаматтар бірінші кезекте заңдылық жөнінде тест тапсырып, олардың білім деңгейі анықталады. Республика бойынша 2018 жылы 53000 адам тест тапсырып, 46 % оң бағасын алған. Жалпы бұрынғы жылдарға қарағанда үміткерлер тестке жақсы дайындалып жүргендігі байқалады. Өткен жылы француздық компанияның және мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың қолдауымен жаңарту жұмыстары аяқталған болатын. Құзыреттілік халыққа қызмет ету принциптері және заманауи мемлекеттік аппарат талаптарына толықтай сәйкес келеді», — деді Н.Жанназарова.

Айта кету керек, үміткерлердің өздері туралы жалған ақпарат беруін алдырып тастау үшін, бағаға сенімгерлік деңгейін анықтау жөнінде сұрақтар кіреді. Егер тест кезінде берілген мәліметтер 50% төмен болса, онда үміткер тесттен өтпеген болып есептеледі. Тесттен сүрінгендер қайтадан тесттен өту үшін бір ай уақыт керек. Осы жыл басынан республика бойынша 400-ден астам адам тестке қатысып, оның 70% бастапқы кезеңнен сүрінбей өтті. Сонымен қатар, қағаз түріндегі сертификаттар бұдан былай алынып тасталынады. Бұрын азаматтар тесттен өткен соң сертфикат алатын және конкурсқа қатысу үшін оны персоналды басқару қызметіне апарып беретін. Бұл өз кезегінде бірнеше қиындықтар туғызатын. Біріншіден, Агенттік бланктер сатып алу үшін және басқа да қажеттіліктерге бюджеттен қаражат жұмсайтын. Екіншіден, үміткер бірнеше конкурсқа бір мезгілде қатысу үшін бланктің көшірмесін түсіруге және нотариустың қолымен растау қажет еді. Үшіншіден, жалған серификат жасау қауіпі болатын. Бұдан былай азаматтардың тесттен өткен нәтижесі «Е-қызмет» жүйесінде сақтаулы болады, нәтижесінде мемлекеттік органдардың кадр қызметтері үміткерлердің тест қорытындысымен өздері жеке танысатын болады. Мұндай бастама конкурсқа қатысуға ниет білдіріп құжаттар тапсырушылар санының азаюына әкеледі. Қазіргі уақытта, бұрынғыдай психиатриялық және наркологиялық ұйымдардан анықтама әкелу бойынша талапты алып тастап, тиісті ақпараттық жүйе арқылы шешу жолдары қарастырылуда.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар арасында конкурс өткізу кезінде қағаз айналым алынып тасталынды. Бұрындағы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер еңбек өтілі тізімін алу үшін кадр қызметіне хабарласауға мәжбүр болатын. Содан соң олардың мемлекеттік органдарға жолдайтын. Бұл біраз қиындықтар туғызатын. Бұдан былай бұл процесстер ішкі конкурстар кезінде автоматтандырылды және «Е-қызмет», «Е-gov» немесе мемлекеттік органның электронды мекенжайына электронды түрінде жіберіледі.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасына немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан (ішкі конкурстар үшін), бір күннен кешіктірмей (жалпы конкурстар үшін) кешіктірілмей беріледі.

Шара кезінде кадр мамандары өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Жиынды қорытындылаған департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова мемлекеттік қызметшілерге өзгерістерді өзінен бастауға шақырды. Ал мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Долдашев, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, қоғам тарапынан жиі айтылатын сыни пікірлер, әдеп жөніндегі ережелерді сақтау талаптарын бұзғандар туралы баяндама жасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *