Медеу: мұздағы мотожарыс

737

Алматыда Медеу мұз айдынында Халықаралық мотоцикл федерациясы (FІM) күнтізбесі аясында спидвэйден (мұздағы мотоцикл жарыстары) 2019 жылғы жеке әлем чемпионатының алғашқы финалы басталды. Әлемдік біріншіліктің алматылық кезеңінде Қазақстан, Австрия, Швеция, Ресей және Германиядан келген 18 «мұз гладиаторы» бақ сынауда.

Спорттық шараны  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және тағы басқа мәртебелі меймандар және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

2015 жылдан бастап ҚР Автомо­тоспорт федерациясы Алматы қаласын­дағы аты аңызға айналған Медеу мұз айдынында үш рет және Астана қала­сындағы Алау жабық мұз сарайының аренасында бір рет финал­дық кезеңді сәтті өткізген.

2019 жылғы жеке әлем чемпионатының финалы алма­тылық жанкүйерлер үшін төртінші және қазақстандық ұйымдастырушылар үшін бесінші болмақ және ұйымдастыру­шылар оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары жылдамдыққа, құмар­лыққа және адреналинге толы мұз гладиатор­ларының шайқасына үлкен қызығушылық танытады деп үміттенеді.

Биыл мұздағы мотожарыс бойынша жеке әлем чемпионаты бес финалда өтеді. Жеке біріншіліктің бірінші кезеңі Қазақ­станға тапсырылды, екінші кезең Ресейдің Шадринск қаласында өтеді, содан кейін шабандоздар Германия мен Нидерландқа жарысқа қатысуға аттана­ды. Әлем чем­пионатының коман­далық есептері Ресейдің Тольятти қаласында өтеді, оған әлемдік спидвэй тарихында алғаш рет қазақ­стандық мұз гладиатор­лары қатысуда.

Марат Әбіқаев, ҚР Автомотоспорт феде­­рациясының прези­денті

– Спидвэйді дамыту және дәріптеу – қиын еңбек, алайда халықаралық дең­гей­дегі жарыстарды өткізу арқылы қажет­ті ұйымдастырушылық және спорттық әлеу­етті жинақтауға мүмкіндік бар, ол Қазақ­станға техникалық спорт түрлерін дамыту деңгейін одан әрі арттыруға көмек­теседі. Медеудегі спид­вэйден әлем чем­пиона­тының финалдық сериясы – бұл қазақ­стандық спортшы­лар үшін Ресейдегі коман­далық чемпио­наттың алдында әлем­нің ең мықты спорт­шыларымен өз жерінде күресудің, ал жанкүйерлер үшін мұздағы қызықты және тартысты жарыстардан ұмытылмас әсер алудың кезекті бірегей мүмкіндігі.

Атап өту керек, ұйымдастыру­шылар­дың жинаған тәжірибесі мен кәсібилігі, FІM арнайы комиссиясының жоғары талап­тарына жауап беретін қажетті инфрақұ­рылым, елімізде сәтті өткізілген бірқатар финалдар Қазақ­станның Авто­мотоспорт федерациясына Халықаралық мотоцикл спорты федера­циясымен ын­тымақтастықты нығайтуға және алдағы жылдары мұздағы мото­жарыс бойынша әлем чемпионатының кезеңдерін өткізу құқығын өзіне қалдыруға мүмкіндік берді. Шараның қорытынды финалы ертең өтеді.

Дайындағандар: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ (фото),

Алихан ЖАНАРБЕК (видео)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *