НЕНАД ЭРИЧ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАДАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

434

Қазақстан құрамасының қақпашылар бапкері Николай Родионов «Астана» қақпашысы Ненад Эричтің құрамдағы мансабының аяқталуы туралы пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

«Ненад Эричтің мұндай шешім қабылдауы біз үшін жайсыз, күтпеген жағдай болды. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды. Қазір оның жасы 37-де. Шешімін құрметтеуіміз керек. Мен онымен ұзақ жыл жұмыс істедім және оның кәсіби футболшы екенін жақсы білемін. Бұл шешімге ойланып барып келді деп ойлаймын. Ол жас мөлшеріне байланысты құрама қақпасын күзету қиынға соғатынын айтты. Басқа қақпашыларға келсек… біз Ненадты лайықты түрде алмастыруға тырысамыз. Бізде қақпашылар бар. «Қайраттың» қос қақпашысы да деңгейлес. Олар – Плотников және Покатилов. Екеуінің де халықаралық футболда тәжірибесі бар. Бірақ біз бас бапкермен ойласа келе кім «Қайратта» нөмірі бірінші қақпашы атана алса, құрамаға да соны шақырамыз деп келістік. Ал Непогодовпен екі күн бұрын сөйлестім. Оның ойнауға үлкен ынтасы бар. Құрамаға тек үздіктер шақырылады. Жасы мен басқа да дүниелерге назар аудармаймыз» дейді Родионов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *