Балалық мекеніме 5-жыл!

75

Бала – болашағымыз. Сол себепті де бала тәрбиесі аса маңызды іс. Бұл сала Елбасының жыл сайынғы халыққа арнайтын Жолдауынан да түскен емес.
Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер». Жан-жақты дамыған, саналы азамат бойына барлық адами қасиеттерді бала кезден қалыптастырады. Осы тұста ағартушы Ы.Алтынсариннің «Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады» дегені еске оралады. Тараз қаласындағы №39 «Балдәурен» бөбекжай бақшасы осыдан 5-жыл бұрын 7-қарашада өз жұмысын бастаған еді. Осы атаулы күнді бақша ұжымы тәрбиелік мәні зор, маңызды іс-шарамен өткізді. Бала бойына ізгіліктерді дарытып, әдептілікке баулуда ата-ана мен тәрбиешілер, яғни педагогтар байланысы ерекше рөлге ие. Сол себепті де біз – тәрбиешілер ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Басшылық пен әдіскерлер көрсеткен бағытпен бүгінге дейін тәрбие жұмысында қолданылып, нәтижелі жемісін берген әдістерді қолданамыз. Бөбекжай бақшамызда бала игілігі үшін ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға бүлдіршіндерімізбен бірге ата-аналар да белсенді қатысып отырады. Міне, осындай бірлікшіл іспен №39 «Балдәурен» бөбекжай бақшасының педагогтары небәрі 5-жыл ішінде бірқатар қалалық, облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды олжалап, өзге әріптестерімен тәжірибе алмасып жүр. Бұл бағыттағы мүдделі ісіміз әлі де жалғасып, бұдан да үлкен биіктерді бағындыратынымыз анық.

№39 «Балдәурен» бөбекжай бақшасының қазақ тілі мұғалімі

Мұхамбеталықызы Бағира

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *