Ауа райына байланысты кейібір өңірлерде сабақ тоқтатылды

277

Ақмола облысының мектептерінде бүгін сабақ болмайды.  «5 ақпанда Ақмола облысында минус 28-33 қатты аяз. 0-11 сынып аралығында сабақ болмайды», — делінген ТЖК таратқан хабарламада.  Сонымен қатар, Көкшетау қаласында 0-11 сынып оқушылары оқымайды. Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының ақпараты бойынша, 5 ақпанда  Семей қаласында  1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды және Риддер қаласы   1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды. Шемонаиха ауданында 1 ауысымдағы 1-4 сыныптың оқушылары оқымайды. Бесқарағай ауданында 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Қостанайда бүгін температура 28-30 градус аяз, желдің жылдамдығы 15 м/с, кейде екпіні 18м/с жетуі ықтимал. Сондықтан Қостанай қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар арасында сабақ болмайды.  Павлодар облыстық білім басқармасының хабарлауынша, 5 ақпанда 1 ауысымдағы 1-11 сыныптарда сабақтар өткізілмейді. Өңірде температура минус 33 градус, желдің жылдамдығы 4 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ болмайды. Өңірде минус 30 градус аяз. Синоптиктер 5-7 ақпанда күн күрт суытып кей өңірлерде 45°С аяз болады деп болжайды




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *