Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады

1183

Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өтінішін қабылдады.

Мемлекет басшысы кеңес мүшелерін Президент өкілеттілігіне қатысты Ата заңдағы 42-баптың 3-тармағына ресми түсіндірме беруді сұрады. Онда былай делінген: «Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқасының Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады». Елбасының өтініші Конституциялық кеңестің отырысында қаралады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *