Букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды

475

Алматыда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлайды. 

«Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу шараларын жүргізу үшін Алматыға жеткізілді және қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр«, — делінген полиция хабарламасында.  Олардың екеуі Қарағанды облысы, ал үшіншісі Өзбекстан Республикасының тумасы, 1989, 1992, 1996 жылғы азаматтар. Күдіктілерді алматылық құқық қорғау органдары қызметкерлері Қарағандыдан ұстады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында букмекерлік кеңсені тонау процесі видеоға түсіп, әлеуметтік желіде таралған болатын. Қылмыскерлер мекемеге кіре салып, күзетшіні ұрып-саққан. Күзетші Қайрат Елтімбаев тың  қолы сынып, миы шайқалған, сондай-ақ, басынан жарақат алған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *