Елбасы жанкешті инспекторларды марапаттады

192

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевті  ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Ницык Петр Алексеевич — Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы

Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) — Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *