Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі шақырады

294

Жоспардағы көрмелер:

 2019 жылы 11 ақпанда, сағат 15.00-де ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған «Жанымды жаралаған Ауғанстан» көрмесінің ресми ашылуы өтеді. Көрме 2019 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.

 Музей «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірге 2019 жылдың 1-3 наурыз күндері «Бәйшешектер гүлдегенде» Орталық-Азия қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

 Алматы қаласындағы Гёте-Институтымен бірігіп 2019 жылдың 14 наураз күні «Германия – өнертапқыштар елі» Халықаралық интерактивті көрме өткізеді. Көрме 2019 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.

Ашылған көрмелер:

 «Музейге сый – ұрпаққа аманат» атты көрме ашылды. Көрмеге 2017-2018 жылдары музей қорын толықтыру үшін халық сыйға тапсырған музейлік мәні бар заттар (ұлттық киімдер, тұрмыстық бұйымдар, белгілі тұлғалардың жеке заттары мен отбасылық мұрағаттағы суреттері және т.б.) қойылды.

 «Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар: қыштағы ою өрнек өнері музей қорынан алынған қыш материалдар негізінде)» Қазақстан аумағынан абылған шыңылтырлы және қалыпталған қышты сәндеуде қолданылатын ою-өрнектердің саналуандығы (зооморфтық, геометриялық, көгөріс және эпиграфиялық) туралы көрме. Көрме жылдың соңына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің тұрақты экспозициялары:

1-зал: Палеонтология және археология залы;

2-зал: Тарихи этнография залы;

3-зал: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және Қазақстандағы диаспоралар мәдениеті залы;

4-зал: Қазіргі Қазақстан залы;

5-зал: «Ашық қор. Қазақстанның археологиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1300 тг.

6-зал: «Антропология музейі» экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.

7-зал: «Н.Г. Хлудов» залы экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *