Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті азиялық орденмен марапатталды

324

2019 жылдың 2 ақпанында БАӘ Дубай қаласында Азия Паралимпиялық комитетінің конференциясы болып өтті,  Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитеті оған мүше болып табылады. Іс-шараның ресми бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаев Азиялық орденмен марапатталды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің Азиялық орденімен марапатталуы — бұл Азиядағы паралимпиада қозғалысына ерекше үлес қосуының және  ұлттық паралимпиада комитеті қызметкерлері мен серіктестерінің жемісті жұмысының нәтижесі. 

Іс-шараға 42 елдің ұлттық паралимпиадалық комитеттерінің басшылары, сондай-ақ 10 халықаралық спорт ұйымдары мен федерациялар қатысты.

Айта кетерлігі, бір жыл бұрын, 2018 жылдың 4 шілдесінде Паралимпиялық жаттығу орталығының ашылу салтанатында Азия Паралимпиялық Комитетінің Президенті Маджид Рашед Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа  еліміздегі паралимпиадалық қозғалысқа қосқан зор үлесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету және барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етукеніүшін Құрмет орденін табыс еткен болатын.





ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *