Қостанай облысында екі адам үсік шалып қайтыс болды

267

Қостанай облысында екі адам үсік шалып, көз жұмды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдейді.

«Аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға, балаларды қыдыруға жібермеуге кеңес береміз. Көлік жүргізушілері алыс жолдарға шықпағандары жөн. Қазіргі таңда облыс көлемінде үсік шалуға қатысты екі оқиға тіркелді. Денисов және Әулиекөл ауданында 1990 және 1968 жылғы екі әйел көз жұмды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, Қостанай облысының ТЖД аязды күндерге байланысты үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету және аяздан сақтану шараларын  еске салды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *