АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА АЗ УАҚЫТТЫҢ ІШІНДЕ ҚЫРУАР ЖҰМЫС АТҚАРЫЛДЫ

302

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы аудан орталығы Мырзакент кентінің тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді, деп хабарлады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында көпшілікке алдымен бейнефильм көрсетіліп, тұрғындар өткен жылдың басты деген оқиғалары мен атқарылған жұмыстарын үлкен экран арқылы тамашалады. Мұнан соң аудан басшысы былтырғы жылы жүзеге асқан шаруалар мен алдағы уақытта қолға алынатын жұмыс жоспарларымен кең көлемде таныстырды. Сондай-ақ, жиын соңында кент тұрғындары жарыс сөзге шығып, аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

2018 жыл – мырзакенттіктер үшін тарихи жыл болып есептелінеді. Өйткені, Түркістан облысының құрылуы мен Мақтаарал ауданының қалпына келтіруі және Мырзакент кентінің аудан орталығына айналуы тұрғындарға зор қуаныш сыйлады.

«Аудан орталығына айналған Мырзакент кентін кешенді дамыту басты міндет болып табылды. Кент қазіргі заман талабына сай келбетке ие болуы керек. Кентте көріксіз көше бойлары мен ғимараттарды әрлеу, иесіз жүрген малдармен және санитарлық тазалықты сақтауда кемшін тұстар бар болатын. Тіпті күл-қоқыс шығарумен айналысатын арнайы мекемеде жоқ еді. Тұрғындар тарапынан тұрмыстық калдықтарды шығару мәселесі бойынша наразылыктар туындап, өзекті мәселеге айналған болатын. Соңдықтан да, аудан әкімі Б.Асанов бұл мәселелерді шешуді ең бірінші кезекке қойып, барлығын реттеуге үлкен ықпал жасады» — деді жиында есептік баяндама жасаған кент әкімі М.Ердешов.

Жалпы аз уақыттың ішінде кентте атқарылған жұмыс шаш етектен. «Қазтранс-Газ аймақ» АҚ өз қаражаты есебінен табиғи газ орнату үшін газ құбырларын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда 86 шақырым газ құбырлары тартылған. Барлығы 2670 абонентті құрады. 2450 отбасымен келісім шартқа отырғызылып, оның ішінде 2335 абоненттерге есептегіш құралдары толық орнатылып, табиғи газ берілуде. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Мырзакент мектеп гимназиясында, Абылайхан және №120 жалпы орта мектептеріне табиғи модульдік газ қазандықтары келіп, мектептер табиғи газбен жылытылуда.

2018 жылы 2168 м3 күл-қоқыс және кентегі С.Қожанов көшесінің ортасындағы бордюрден шыққан 184 м3 топырақ арнайы белгіленген орынға шығарылып, тегістеліп, әктеу-сырлау жұмыстары жасалған. Қазіргі таңда кенттегі көше орталығында орналасқан бордюрлерге гүл егу жұмыстары жасалмақшы. Жалпы ерте көктемде 2465 ағаш әктеліп, 3098 түп әртүрлі ағаш көшеттері егілсе, күз айларында 2350 әртүрлі ағаш көшеттері егіліп, 1150 ағаш әктелген.

Кент аумағында қыркүйек айынан бастап «Жасыл-ел» бағдарламасы бойынша 25 жастар жұмысқа тартылып, кенттегі С.Қожанов, Т.Мадиходжаев, Тілеубердин, А.Яссауий, Еркіндік, С.Жаштаев көшелері мен орталық алаңы аумағында қураған және өсіп тұрған ағаштар бұталып, лотоктардың жағасында, көше бойындағы өсіп тұрған жантақ, жыңғыл, сора тағы басқа да арам шөптерді шауып, бейберекет шашылған қоқыстар жиналған.

Өткен жылы кенттегі Бекболатов, Жамбыл көшелеріне асфальт төселген. Сонымен қоса, Жақаев, Қазыбек би, Жоба-1 және Жоба-2 көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Орталық көшелерді жарықтандыру бойынша 3 миллион 800 мың теңгеге С.Қожанов көшесіндегі ескі шамдар, жаңа диодты шамдарға ауыстырылып, әрленген.

Мырзакнет кенті аудан орталығы болғалы бері көптеген кәсіпкерлік нысандар ашылған. Атап айтқанда, 2 ТҚКО, 3 кафе, 1 жанар-жағармай құю бекеті, 1 халыққа қызмет көрсету орталығы, 1 автотұрақ, 2 қабатты бала-бақша ғимараты, т.б. нысандар іске қосылған.

Жалпы кентте 1 аудандық аурухана, 1 емхана, 1 жедел жәрдем жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Эмир Ли» медициналық орталығы және 8 дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жаңадан құрылысы жүріп жатқан емханаға 1 426 млн теңге қаржы қарастырылып, нысан 2019 жылы тапсырылады деп күтілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *