Әлемдегі ең кішкентай кітап

1095

Симон Фразер (Simon Fraser University) Университеті нанолабораториясының мамандары әлемдегі ең кішкентай кітапты жасап шығарды. Кітапты оқу үшін электронды микроскопты қодануға тура келеді. Өйткені бұл шағын кітаптың көлемі 0,07х0,1 мм-ді құрайды. «Teeny Ted from Turnip Town» кітапшасы  бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген екі кітап: 2001 жылы  Массачусетс технологиялық институтында шығарылған Жаңа өсиет  (5х5 мм) пен 2002 жылы Палкович шығарған Чеховтың «Хамелеон» (0,9х0,9 мм) кітабынан әлдеқайда жұқа.

Ең кішкентай кітаптың шығарылымы Роберт Чаплинның бастамасымен және ғалымдар Ли Янг пен Карена Каванагхтың көмегімен жүзеге асырылды. Жұмыс барысында мамандар галлий иондарының шоғыры мен электронды микроскопты іске қосқан. Кітап кремнийдің жұмсақ кесегінен қиылып алынған 30 микротақтайшалардан жасалған.  Алдағы уақытта шағын басылымның 100 данасын басып шығару жоспарланған.

Әлбетте,  шағын ітаптың мазмұны да бар. Атауы –  «Teeny Ted from Turnip Town». Бұл балаларға арналған ертегі Тэд атты жасөспрімнің өмірін баяндайды. Кітаптың авторы – Малькольм Дуглас Чаплин. Ал баспагер Роберт Чаплину, кітап авторының ағасы. Vancouver Sun газеті кітапшаны 20 мың долларға бағалап отыр. Оны оқығысы келгендер 8 мың есе үлкейтілген микроскоптың көмегіне жүгінуі керек.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *