Елшілер мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсырды

1072

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған елшілер сенім грамоталарын тапсырды.

Елбасымен кездесуде Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань, Хорватия елшісі Рефик Шабанович, Жапония елшісі Тацухико Касаи, Чехия елшісі Рудольф Гикл, Тәжікстан елшісі Хайрулло Ибодзода болды.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Жас буын өкілдерін қолдау мақсатымен биылғы жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Бұл бастаманың аясында оларды сапалы біліммен, жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Сонымен қатар, жастардың бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына жол ашамыз. Бұған қоса, ел экономикасын одан ары дамыту үшін шетел инвестициясын тарту маңызды міндет саналады. Тәуелсіздік жылдарының ішінде елімізге 100 млрд доллар тікелей инвестиция келді. Ол біздің экономикамызды көтеруге өзінің септігін тигізді. Сыртқы істер министрлігінің құзіреті қазіргі уақытта кеңейіп, оған шетелдік инвестиция тарту, жаңа экспорттық бағыттарды айқындау мәселелері жүктелді. Сіздерді Қазақстандағы әріптестеріңізбен бірлесіп, аталған бағыттарда өзара іс-қимылды жандандыруға шақырамын», — деді Президент.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *