Газдалған сусындар бүйректі зақымдайды

1507

Газдалған сусындар бүйрек ауруларының  басты себепкері.

Ғалымдар тобы танымал тәтті сусындардың адам денсаулығына тигізетін зиянын анықтады. Зерттеуге Миссисипи штатында тұратын 5306 қара нәсілді америкалық қатысқан. Қатысушылар 2000-2013 жылдары тексерістен өткізілді. Осы уақыт аралығында олардың 6 пайызы бүйректің созылмалы дертіне шалдыққан. Ғалымдар дерттің туындау себептерін анықтауға тырысты.

Нәтижесінде, олар құрастырған антирейтингте газдалған және басқа да тәтті сусындар көш бастады. Зерттеуге қатысқандардың арасында сусындарды көп мөлшерде қолданғандар бүйрек жеткіліксіздігі мен бүйректің созылмалы ауруларымен сусындарды аз мөлшерде ішкендерге қарағанда  61 пайызға жиі ауырған.

Ғалымдардың пікірінше, газдалған тәтті сусындарды сатуды шектеу керек, немесе оларға салынатын салық мөлшерін арттыру қажет. Мұндай қадам зиянды сусындардан пайда болатын «артық салмақ» эпидемиясын бәсеңдетіп, бүйрек ауруларына шалдығатын науқастардың санын азайтуға мүмкіндік береді деген ойда. Ғалымдар сондай-ақ газдалған сусындардың ағзаның ерте қартаюына әкелетінін де дәлелдеген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *