Мемлекеттік қызметкерлерге еркін киінуге мүмкіндік беріледі

276

Мемлекеттік қызметкерлерге жұма күні еркін киінуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлады baq.kz ақпараттық порталы.

Аталған жоба пилоттық негізінде жүзеге асырылмақ.

«Корпоративтік сектордың жақсы жақтарын алудан ұялмау қажет. Биыл агенттік пилоттық жоба негізінде casual яғни жұма күні дресс-кодсыз киіну тәжірибесін енгізді. Корпоративтік секторда бұл жұмыс істейді. Жеке өңірлерде аталған мәселе көтерілген. Енді біз оны қарастырамыз. Себебі, мемлекеттік қызметте сенімді қарым-қатынас орнату маңызды. Бұл мамандардың әлеуетін аттыруға мүмкіндік береді», — деді төраға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *