Сбербанк бөтелкедегі су шығаратын кәсіпорынды қаржыландырды

1481

Сбербанктің қаржыландыруымен Солтүстік Қазақстан облысында тазаланған бөтелкедегі су шығаратын жаңа «Компания «AQUA PRODUCT» ЖК» кәсіпорны ашылды.

2017 жылы Жеке кәсіпкер Азиз Булкаиров Солтүстік Қазақстан облысында су сапасын арттыру мақсатында бөтелкедегі су шығаратын жеке кәсіпорнын ашу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкер болашақ кәсіпорынды дамыту жобасын дайындай отырып, қаржылық серіктес ретінде Сбербанкті таңдады. Сбербанк «Даму» ҚДҚ» АҚ қатысуымен кәсіпорынның ашылуын қаржыландырды. Бөтелкедегі су өндірісіне қажет барлық жабдықты сатып алып, ағымдағы жылдың басында кәсіпорын «Бірінші» маркалы бөтелкедегі судың алғашқы топтамасын шығарды.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту кез-келген мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Біздің елімізде бизнестің бұл бағытына ерекше орын берілген»,- деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. — Біз әлеуметтік бағыттағы кішігірім жобалар мен стартаптарға қолдау көрсете отырып, шағын кәсіпкерліктің дамуына белсенді қатысуға тырысамыз» — деп айтып өтті Ельдар Амантайұлы.

«Өткен жылдың соңында біз Қытай Республикасынан бөтелкедегі су өндірісіне арналған заманауи жабдықтарды сатып алдық» — деп атап өтті «Компания «AQUA PRODUCT» ЖК басшысы Азиз Булкаиров. — Бұл — суды көмір-құм сүзгілері арқылы тазартып, соңғы өнімді ионмен қанықтыратын, толығымен автоматтандырылған желі. Суды сүзгілеудің соңғы технологияларын пайдалану «Бірінші» маркалы ең жоғарғы сапалы бөтелкедегі суды шығаруға мүмкіндік береді.

«Компания «AQUA PRODUCT» ЖК жобасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 2018 жылдың соңында қаржыландырылды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *