Астанада тегін такси қызметі жолаушыларды тасымалдайды

399

Бүгін ASTANA TAXI көліктері қалалық автобустар бағдарымен жүріп, жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл туралы Астана қалалық ортаны регенерациялау басқармасы  Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шарты аясында, қалалық әкімдік үнемделген қаражат есебінен ASTANA TAXI-мен бірге «Жылы сапар» акциясын өткізеді. 7 ақпан күні ASTANA TAXI автомобильдері қалалық автобус бағдарларымен жүріп, жолаушыларды тегін әрі жайлы жеткізетін болады. Егер сіз автобус аялдамасында тұрсаңыз немесе көшеде такси тоқтатқанда ASTANA TAXI көлігі келсе, таң қалмаңыз. Осылайша біз сіздермен жақсылықты бөлісеміз», — делінген хабарламада.

.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *