Мемлекеттік қызметке тест тапсыру толықтай электронды жүйеге көшті

627

Енді тест нәтижелері Е-қызмет жүйесінде сақталады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мемлекеттік қызметтік бұйрықтар тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ӨКҚ – да өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев мәлімдеді.

— Осы уақытқа дейін тестілеуден өткен үміткерлер 20 минут ішінде тестілеуден өткенін растайтын сертификаттарды қағаз түрінде алатын еді. Қазіргі өзгеріске орай үміткерлер тестілеуден оң нәтиже көрсеткен кезде тест нәтижелері Е-қызмет ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде сақталады. Одан әрі, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға құжат тапсырған жағдайда персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мамандары үміткердің тест нәтижелерін Е-қызмет ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінен көре алады . Яғни, мұндай тәсіл қағазбастылықты азайтады, — дейді Руслан Тұңғышбаев.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, өзгерісте «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық, бастамшылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

Айта кетейік, аталған тестілеуден өту үшін растық деңгейі кем деген де 50% болуы тиіс.Тесттерді орындау үшін 100 минут уақыт беріледі. Егер тест нәтижесінің растық деңгейі 50 пайыздан төмен болса, ол азамат тестілеуден өтпеді деп танылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *