Altyn Bank Altyn-i «Suńqar» аудармалар жасау қызметін іске қосты

1388

7 ақпаннан бастап Altyn-i сандық банк клиенттеріне өзге қазақстандық банк клиенттерінің шотына ұялы телефон нөмірі бойынша теңгемен «Suńqar» лезде аудармалар жасау қызметі қолжетімді. Бұл туралы банктің маркетинг басқармасы хабарлайды. 

Altyn-i сандық банк клиенттерінің арасында ұялы телефон нөмірі бойынша ақша аудару қызметі 2016 жылдың 15 наурызынан бері сәтті жұмыс жасайды. Жаңа жобаны іске қосу арқасында аудармалар Altyn-i клиенттері мен ЦентрКредит, Еуразиялық банктарының клиенттері арасында мүмкін болды.

Енді Altyn-iклиенттері ұялы қосымша арқылы өзге банктердегі клиенттер шотына ұлттық валютада ақша аудара алады. Ол үшін ақша алушының ұялы телефон нөмірін көрсетіп, алушының банкін таңдап, аударма сомасын көрсету керек.

Алушы шотына ақша енгізу лезде болады. Әрі қарай қызметтің функционалы және қатысушы – банктер тізімі кеңейетін болады.

«Бүгінгі таңда Altyn Bank қаржы қызметтері саласында жаңартпа технологияларды енгізу бойынша көшбасшы болып табылады. Біз Қазақстанда ең алғаш Altyn-i сандық банкін іске қостық, оны белсенді түрде дамыту үстіндеміз және біздің клиенттеріміз үшін заманауи банк қызметтерін кеңейтуге мүдделіміз. Біліктілігі жоғары жобалаушылар командасының болуы Ұлттық банктің шапшаң аудармалар жүйесін сынап көру жобасына қатысуға жағдай жасады. Атап айтқанда, біз ұялы телефон нөмірі бойынша өзге қазақстандық банктің клиентіне аударма жасауды жүзеге асыруды рұқсат ететін ұялы қосымшамыздың түзетілуін іске асырдық. Жүйе сынақтан сәтті өтіп, енді сандық банк қызметтерінің тізімінде ұлттық валютада ақша жөнелтудің тағы бір қарапайым, жылдам және қауіпсіз тәсілі пайда болды. Қатысушы-банк клиенттерінің арасында «Suńqar» лезде аудармалар үлкен танымалдыққа ие болатындығына сенімдімін», — деп атап өтті «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Марат Әлменов.

Жоба Қазақстандық Банкаралық Есептесу Орталығымен (ҚБЕО) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (ҚР ҰБ) «Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *