МАҚТААРАЛДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

299

Мақтаарал ауданында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков төрағалық еткен жиынға комиссия хатшысы Д.Аязбеков, жергілікті полиция қызметі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық ауруханалар, «Қазсушар», «Қазақтелеком», «ОңтүстікЖарықТранзит», «ҚазТрансГазАймақ» т.б. мекемелердің Мақтаарал аудандық бөлімшелерінің басшылары және аудандық дербес бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіндегі ең бірінші мәселе бойынша 2018-2019 жылғы қыс маусымында аудан тұрғындары мен түрлі мекемелерді үздіксіз табиғи газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігі іс-шараларының орындалуы туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ.Жумадилов баяндама жасады. Сонымен қатар, қосымша баяндама жасауға «Интергаз орталық Азия» АҚ Шымкент магистралді газ құбырлары басқармасы филиалының Атакент газ шаруашылығының 2-ші санатты маманы Н.Алмаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Полатов сөзге шықты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ауданның ирригациялық жүйелерінің, жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне және аудан көлеміндегі «Достық» каналының қыс-көктем айларындағы су басу және су тасқыны мерзіміне дайындығы туралы «Қазсушар» РМК Мақтаарал аудандық бөлімінің басшысы Ш.Омаров сөз сөйледі.

Үшінші мәселе бойынша комиссияның қарауына тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштерді қарау туралы аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас инспекторы Д.Аязбеков баяндама жасады. Атап айтқанда, комиссияның қарауына 5 өтініш келіп түскен. Олардың басым бөлігі тұрғын үйі өртеніп кеткен азаматтар. Комиссия барлығына дерлік қаржылай көмек көрсетуді мақұлдады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *