Ақпан айының соңында қар ериді

417

2019 жылғы ақпан айының соңында қар жиналу процесі жалғасады. Метеостансаларда көп жыл бойы жүргізілген бақылау мәліметтері бойынша, ақпан, наурыз және сәуірде бір тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгиромет».

«Ақпан айында жазықтықтағы өзендерде тасқын болу қаупі 1 пайызды құрап отыр. Айлық синоптикалық болжам бойынша (дұрыстығы — 20-80 пайыз), ақпанның үшінші онкүндігінде күндіз және түнде ауа температурасы көтеріліп, өз кезегінде қардың еруіне, ағынның қалыптасуына және су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқтырады», — делінген хабарламада.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *