Алматы қалалық мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

160

Алматы қалалық мәдениет басқармасының жаңа басшысы болып Нұрлан Сыдықов тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұрлан Сыдықов — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Бұған дейін Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған. Қала әкімі жаңа басшының алдына мәдени мекемелерді заманауи рекреационалды және көңіл көтеретін компоненттері бар көпфункционалды орталықтарға айналдыру, сонымен қатар жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасау, мәдениет пен демалудың инфрақұрылымын дамыту үшін қаржыландырудың баламалы жолдарын қарастыру туралы міндет қойды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *